Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4346 3 пікір 20 Шілде, 2018 сағат 16:03

Сот Оңтүстік Корея экс=президентінің мерзіміне тағы сегіз жыл қосты

Оңтүстік Корея соты бұрынғы президент Пак Кын Хенің ісіне қатысты тағы бір үкім шығарды. Енді оны мемлекет қаражатының жоғалуына жол беріп, 2016 жылы парламент сайлауына араласты деп айыптады. Сот оны сегіз жылға соттады.

Биыл сәуір айында сот Оңтүстік Корея экс-президентін 24 жылға соттап, шамамен 17 млн доллар айыппұл салған. Енді оның түрме мерзімі 32 жыл болды.

Бұрынғы президентті жемқорлық, билікті асыра пайдалану және коммерцялық компанияға заңсыз ықпал ету айыптарымен сотталды. Айыптау тарапы 66 жастағы Пак Кын Хеге отыз жыл сұраған.

Экс-президент тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол сот отырыстарына қатысқан жоқ. Сот барысын жергілікті телеарна тікелей эфирде көрсетті.

2017 жылы наурызда Конституциялы сот Пакты президент қызмтінен алған. Импичмент 2016 жылы желтоқсанда жарияланған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1157
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2684
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 801
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774