Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4020 0 пікір 20 Шілде, 2018 сағат 16:04

Бішкек экс-мэрі Албек Ибраимовты қорғау комитеті құрылды

Бішкек қаласының бұрынғы басшысы Албек Ибраимов туған Арашан ауылында 20 шілдеде шенеунікті қорғау комитеті құрылды. Оның құрамына ақсақалдар мен жастардан 10 адам кірді.

Арашан ауылына бүгін оның елу шақты жақтасы жиналды. Олар Ибраимов негізсіз ұсталған деп мәлімдеді. Бұған қоса қаланың бұрынғы басшысын ұстау кезінде арнайы қызмет өкілдері күзетшіні соққыға жығып, бақылау камераларын алып кеткені айтылды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды. "А.Ибраимовты ұстау операциясы қарусыз және арнайы құралдарсыз өтті. Күзетшілерден алынған қарулар иелеріне қайтарылды. Бұған қоса, күзетшілердің ешқайсына күш қолданылмады" делінген арнайы қызмет хабарламасында.

Бішкек мэрі Албек Ибраимов 10 шілдеден еңбек демалысына шыққан. 13 шілдеде қалалық депутаттары оған сенімсіздік вотумын жаиялады. Премьер-министр оны отставкаға жберу ұсынысын қабылдады.

Сот 19 шілдеде Ибраимовты 29 тамызға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740