Сенбі, 23 Қараша 2024
3820 0 пікір 2 Тамыз, 2018 сағат 09:34

Қазақстандықтар жаңа жәрдемақы түрін ала бастады

Қазақстандықтар осы жылдың шілде айынан бастап жаңа жәрдемақы ала бастады. Елбасы Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында оны енгізу туралы тапсырма берген еді. Аталған жәрдемақы бала кезінен І топқа жататын мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсететін азаматтарға беріледі. Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жаңалық туралы толығырақ айтып берді.

Заңның негізгі жаңалықтарының бірі — жыл басында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған, 18 жастан асқан, бала кезінен І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу жөніндегі нормаларды заңнамалық бекіту.

«Бізде өтінімдерді жинау бойынша алдын ала жұмыс жүргізілді, бүгінде 10 мың отбасы аталған төлемдерді алып жатыр. Себебі 24 шілдеде төлемдер жабылды, тиісінше 10 мың отбасы аталған жәрдемақы түрін алды», — деді С. Жақыпова.

Бұл жәрдемақыны алуға шамамен 14 мың отбасы үміткер. Жәрдемақы көлемі күнкөріс деңгейінің ең төменгі 1,05 мөлшерін құрайды. Бұл жәрдемақы өтініш берген күнінен бастап бала кезінен І топтағы мүгедектіктің барлық кезеңіне тағайындалады.

Сондай-ақ, вице-министр бала кезінен бастап бір отбасында І топтағы екі немесе одан да көп мүгедек адам болса, онда жәрдемақы олардың әрқайсысының күтіміне тағайындалады және төленеді. Егер бала кезінен І топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

«Бұл отбасының таңдауы. Жәрдемақыны үйде отырып, жұмыс істемейтін және мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасайтын анасы алуы мүмкін. Немесе анасы жұмыс істей алады, бірақ ол жеке көмекшінің қызметтерін ала алады. Яғни, бұл жеке көмекші үшін қаржы беретін басқа бағдарламалар», — деп түсіндірді С. Жақыпова.

Бұдан өзге, бала кезінен І топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен бір жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.

Бүгінгі таңда жәрдемақыға үміткер, жүгінбеген қалған 4 мың адаммен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, С. Жақыпова жәрдемақыны тағайындау кезінде жиі кезігетін проблемаларды атап өтті.

«Кейбір отбасылар қамқоршылықты ресми тіркемеген. Мүмкіндігі шектеулі адам осы құқықтық қатынастарда әрекет етуге қабілетсіз деп танылуға тиіс жəне сәйкесінше оны барлық мемлекеттік органдарда таныстыратын қамқоршысы анықталады, содан кейін ғана жәрдемақы тағайындалады. Қазіргі таңда отбасылардың бір бөлігі қамқоршылық соты арқылы тіркеліп жатыр және тиісінше келесі айдан бастап оларға жәрдемақы беруді бастаймыз», — деді вице-министр.

Еске сала кетейік, биыл 2 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340