Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3500 2 пікір 7 Тамыз, 2018 сағат 12:00

Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі

МСҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Айтуынша, 3 тамызға дейін МСҚ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 444,6 млрд теңге аударды. «Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 63 пайызы», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 708,6 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1352 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 603-і – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 102,4  млрд теңгені құрады.  

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610