Бейсенбі, 16 Тамыз 2018
46 - сөз 874 7 пікір 10 Тамыз, 2018 сағат 18:04

"Жоғарғы Кеңес" ғимараты сатылмақ

Елімізде жүріп жатқан жекешелендірудің екінші толқыны аясында Алматыда Қазақ-Британ техникалық университеті орналасқан, бұрынғы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ғимараты сатылымға шығарылыпты. Оған ие болып отырған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көрінеді. Сауда алаңшасында белгіленген бастапқы баға – 11 млрд 364 млн 544 мың теңге. Шамамен $32 млн. Бұл меніңше өте арзан.

Еуропада мұндай ғимараттардың бағасы жарты миллиард доллармен жағаласып жатады. Кезінде «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация», «Қазақ КСР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң» қабылданған тарихи ғимарат, Димекеңнің табанының ізі қалған ғимарат олигархтық ойындардың бодауына кетіп барады. Бағасы мүлде төмен дейтініміз, мәселен, Дубайдағы Princess Tower ғимараты 2,17 млрд. долларға, «Тайбэй 101» бизнес орталығы 1,7 млрд. долларға, Франкфурттағы Еуропалық орталық банктің штаб-пәтері 1,57 млрд. долларға бағаланған. Лондондағы Гайд паркте орналасқан үлкен үйдің бір пәтері ғана (!) 136 миллион фунтқа сатылған, ал Рутланд Гейттегі бір үй 300 миллион фунтқа бағаланып отыр.

Сонда «Жоғарғы Кеңестің» ғимараты Еуропадағы оншақты бөлемелі бір пәтердің бағасына кетпек.

Сатып алушы кім болар екен?

Марат Бәйділдәұлының (Тоқашбаев) Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

7 пікір