Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4143 0 пікір 13 Тамыз, 2018 сағат 08:51

Қырғызстанда БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін сайт ашылды

Қырғызстанда БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттардың жалған, растығын тексеретін factcheck.kg сайты жұмыс істей бастады.

Сайт қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі күнге дейін екі тілде елуге жуық мақала жарық көрген. Атап айтқанда, Қырғызстан мен Уганда арасында тікұшақты жалға беру жөніндегі келісім, Қырғызстандағы қазақ олигархы Алмас Мынбаев жайлы зерттеу материалдары және өзге де мақалалар жарық көрген.

Сайттың басты мақсаты - ұлтараздық, дінараздық алауыздық туғызатын шындыққа сәйкес келмейтін мақалаларды анықтау. Порталда сонымен бірге медиа сауаттылыққа үйрететін видеосабақтар бар. Медиа сарапшылар да БАҚ-та жарық көрген материалдарды талдап отырады.

Фактчек – ақпараттың рас не жалған екенін тексеретін журналистикадағы жаңа жанр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730