Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Масқара! 4674 3 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 18:14

Әлі күнге СССР төлқұжатымен жүрген қазақтар бар

Әлі күнге СССР төлқұжатымен жүрген қазақтар бар, -  деп жазды белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook әлеуметтік  желісіндегі  парақшасында.

"Қазір паспорт тұрмақ, СССР-дің өзі жоқ. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға ширек ғасырдан асты. Айтуға ұят. Бұл проблеманы қозғау ұсақ-түйек болғанымен кірісуге тура келеді. Ерлі-зайыптылардың жасы 50-дің бел ортасында. Хош, делік жұрт жаппай құжат ауыстырып жатқан 90-жылдары Союздың қойын бағып жайлауда жүре берген. Одан кейін тоқырау болды. Соңғы кездері Совет паспортымен жүрген жандардан ИИН сұрап зәресін ұшырған" деп жазады журналист.

Гүлмира  Әбіқай алда бұл мәселені КТК арнасындағы "Дау-дамайсыз" бағдарламасында көтеретінін айтқан.

Тәуелсіздік алғалы 27 жыл. Осы 27 жыл ішінде бүкіл қазақстандықтарды құжатпен қамтамасыз ете алмаған қандай  елміз? Жергілікті әкімшілік қайда қарап отырған? Cұрақ көп, жауап жоқ!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 706
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675