Сенбі, 23 Қараша 2024
4576 5 пікір 17 Тамыз, 2018 сағат 12:05

Алматыда «Жабайы жайма базар» қайта жанданды

Есте болса, осыдан екі-үш жылдай бұрын Төле би көшесі бойындағы Тілендиев көшесінің екі жағы кей тұрғындардың жаймаларын жерге жайып тастап, ескі-құсқыларын алаңсыз сата беретін кәдімгі жабайы базарға айналған еді. Сосын ол базар жұрт талабымен жоғалып кеткендей болып еді.

Биыл жаз басталғалы бері қайта жанданып шыға келді. Оның өзін кез­дейсоқ байқадық. Онда да билік орындары демалып жататын демалыс күндері темір-терсек сататын «Тұлпар» базарының Төле би көшесі жақ бетінде жабайы сауда кәдімгідей қызып сала берді. Тіпті, кейбір саудагерлер осы маңдағы базарларда өтпей жатқан ескі-құсқы заттарын әкеліп сатып жатқанын да байқап қалдық.

Әрине, біз жұрттың өз заттарын сатқанына еш қарсы емеспіз. Бірақ, оның бәрі заңды, мәдени түрде болса деп ойлайсың ғой. Өйткені, қазір қала көшелері жаңарып, жасарып жатқанда, мына сауда көңілге қаяу түсіреді екен. Әсіресе, қара жерге кәдімгі жаймаларын жайып, сауда жасау – бізден әлдеқайда төмен тұратын кедей елдерде кездеспейтін бе еді? Оның үстіне әлемнің дамыған 100 қаласы қатарына кірген Алматы үшін мұндай сауда тіптен ұят қой…

Осы жексенбіде осы сауданы тағы көрдім. Тіпті, ондағылар құйып тұрған жаңбырға да қарар емес. Балақтарын тізеге дейін қайырып алып, өткен-кеткен бірлі-жарым адамға өз тауарын ұсынып әлекке түсіп жатыр.Тіпті, төгіп жатқан жаңбырлы күні оларына ешкімнің қарамайтынын да қаперлеріне ілер емес!

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478