Жұма, 4 Қазан 2024
Күбіртке 7559 19 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 08:12

Құлсарыдағы ықшамаудан төбелесін тоқтатуға неге қауқарсызбыз?

Жылой ауданынан бір күрескер палуан шықты ма? Мықты дзюдошы мен каратэшы шықты ма? Ең болмаса Жылойдан шыққан бір боксшыны атап бере аласыңдар ма? Ертеректе 4-ауылдан Бауыржан Ыбыраев  деген бауырымыз шыққан болатын. Жәймен шәкірт тәрбиелей бастаған. Оны көтермелеп, жағдайын жасап қолдау көрсеткен ешкім болмадыАмал жоқ, бокстың бағы жанбай ол боксшымыздың өмір жасы да қысқа болды. А

уылға қауқитып сапасыз футбол алаңын сала бергеннен де бірнәрсе өне ме? Себебі, оны қадағалап, реттеп отыратын жауапкер біреу болмаса, оның бәрі бекер! Соңғы шетел үлгісімен салынып жатқан футбол алаңдарын қарап отырсаң, астыңғы сымдарын мыжып-мыжып сиыр кіретіндей етіп майыстырып тесіп тастаған. Және бір ауылда болса екінші ауылда жоқ. Өзге ауылдың балдары өзге ауылдағы футбол алаңына барып ойнай алмайды. Себебі, күштері өздерінен ауыспайтын "боевик" жастар бір-бірін өз шекараларына жақындатпай қырып салады. Әр ауылда жастарды ауызбірлікке үндеп жатқан намысты аға буындар және жоқ!

Жылой ауданына мықты бапкерлер мен жаттықтырушылар шақыртпай ештеңе өнбейді. Мысалы, барлық жағдайын жасап Қанат Исламды алып келсек, құрығанда Құлсарыда 5 жыл тұрақтатсақ, артында мықты шәкірттер қалар еді. Ардақ Назаров секілді рухани бай бауырларымызды алдырып, 5 жыл ұстасақ та, артта із бен нәтиже қалар еді ғой. Құр спорттық кешендер мен ғимараттар салғаннан ештеңе өзгермейді.

Бізге, біздің ұрпаққа ұстаздар жетпейді, бізде ұстаздар мүлдем жоқ, бізге ұстаздар ауадай қажет! Жоғарыдағы әкімдер, осыған қатты көңіл бөліңдер! Әйтпесе, ендігі жерде бәрі кеш болады, бізде ұрпақтан айрылып қалу қаупі бар. Мынандай екі күннің бірінде бір-бірін пышақтап жатқан ортада ұрпақ өсіп ұрпақ дами ма? Ер балаларымыздың бәрін ендігі жерде спортқа баулымасақ, қызтеке, педофиль секілді бағытқа бір табан жақындап кетуі мүмкін! Үкімет, ел болып отырып боқмұрын балаларымыздың тентектіктерін тоқтата алмасақ, ниеті мен мінезін өзгерте алмасақ бізге үлкен сын! Бұларға ара түспесек, ертеңгі күні мұндай жастардан елім деп шырылдаған Мұстафа Өзтүрік секілді ұлтшыл бөрілерімізді өлтіріп кететін сатқындар ғана шығады. Біз ықшамаудандағы жастар төбелесін міндетті түрде тоқтатамыз! Бізге бір-бірін қыратын емес, елі жері, ұлты үшін тұратын алтын ұрпақ қажет! Біздің әр ұрпақ, ертеңгі күні ел қорғайтын бір-бір әскер! Бізге өскелең алтын ұрпақтың намысты да рухты болғаны маңызды! Сондықтанда, біз аға буындар, бұл мәселеде барымызды саламыз! Қолдайтын, қоштайтындарың болса қане, бой көтеріңдер, хабарласыңдар!

Бұйырса, қыркүйектің бірінші жұлдызын "Жылой жастарының достық күні" деп белгілеп, орталық саябақ маңына үлкен жиналыс өткізейік! Бұл ел болып қолға алатын үлкен шаруа! Бұған үлкен-кіші бәрің атсалысыңдар! Неге біз іргесі сөгілмеген үлкен ел бола отырып ықшамаудан төбелесін тоқтатуға қауқарсызбыз? Жоғары билікте отырғандар ай қарап отыр ма? Әлде оларға қазақтың бір-бірімен қырылып өлуі көк тиын ба? Осы мәселеде аудан әкімі үлкен жиналыс ұйымдастыруы керек! Барлық лауазымды тұлғалардың басын қосып бұл тығырықтан шығатын жолды іздеу керек! Мысалы, елдің тыныштығы барлық құқық қорғау қызметкерлеріне тиесілі емес пе? Бір-бірін аяусыз қырып жатқан жастардың проблемасы әлде олардың құзырларына кірмей ме? Бұл тек ІІБ-нің мойнында дегенге мен ешуақытта қосылмаймын! Бізде "терроризмнің алдын алу" деген саясат пен көзқарас бар ма? Бүгін өз бауырына пневмат, аса тапаншаларымен оқ атып, пышақпен тілгілеп жатқан жастар өсе келе ерегеспен, кек алу мақсатында өздеріне қарсы бір мөлтекауданды түгел жарып жіберуді іске асырмасына кім кепіл? Себебі, қазіргі таңда шекарасыз әлеуметтік интержелінің сиқырлы уағызы күші бойына симай буырқанып тұрған мисыз жастарға үйретпей жатқан бәлелері жоқ! Сондықтанда, бәріңді Жылой ауданындағы шымбайға батқан осы өзекті мәселені тоқтатуға шақырамын! Елде "шүкір тірімін, мен бармын" деген намысты, елін ойлайтын мықты жігіттер болса, бірауыздан атсалысыңдар!

"Жаллғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас" деген, бір адамның шырылы не шешеді? Сондықтанда, "жіп біріксе арқан, ел біріксе қалған" деген қағидамен бір жеңнен қол шығарайық, ағайын! Өзін қасқыр санайтын қазақ бауырларыма айтарым, бөлтіріктеріңді дұрыстап баулыңдар! Үйретілмеген бөлтірік шибөрі-шакалға айналады. Ал қазақ жазирасын өңкей шибөрі қаптаса, онда бір күні өз бөлтірігіңнің қолынан өлдім дей бер!

Көздеріңді ашыңдар, ояныңдар бауырлар

Тұрар Шапқара

Abai.kz

19 пікір