Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 4939 3 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 17:30

Алина Əділханова Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Көркем гимнастикадан кеше ғана Қазақстан командасы сапында алтын медаль алған Алина Əділханова бүгін жекелей сында да топ жарды.

Алина жекелей сында жалпы есепте 66.800 ұпай жинап, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Күміс жүлде өзбекстандық Сабина Ташкенбаеваға (65,850), ал қола жүлде Қытай спортшысы Ятинг Жаоға (65,550) бұйырды.

Еске сала кетейік, көркем гимнастикадан топтық жаттығуда Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова үштігі 159.850 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.

Айта кетейік, бұл еліміз құрамасының сегізінші алтын медалі. Бұған дейін семсерлесуші Дмитрий Алексанин, велоспорттан Алексей Луценко (Топтық және жекелей сында), Джиу-джитсу шеберлері Дархан Нортаев (62 келі) пен Руслан Исраилов (77 келі) және көркем гимнастикадан Қазақстан командасы құрлық біріншілігінің бас жүлдесін жеңіп алған еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300