Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4851 0 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 10:49

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіпқой боксқа біржола бет бұрғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында мәлімдеді.

- Көптен күткен жаңалық! Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы алғашқы жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұйыртса, кәсіпқой бокс жанкүйерлері қазақ бокс стилін 28 қыркүйек күні көреді. Жәнібек батыр тас түйін дайын! Қарсыласы жақында белгілі болады, - деп жазды Берік Сұлтан.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын. 28 қыркүйек Оклендтегі (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде өтетін жекпе-жек Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қатарына қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

АҚШ төрінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшылар аз емес. Алайда, жанкүйерлер әлі де Геннадий Головкиннің орнын басатын былғары қолғап шеберін байқай алған жоқ. Қанат Исламнан күдер үзген көпшілік жаңа есім іздей бастады. Кәсіпқой бокстағы жолын жаңа бастап жатқан жастарды айтпағанда, әуесқой бокста тәп-тәуір жетістікке жеткен Жәнібек Әлімханұлы қазақ жанкүйерлерінің үмітін ақтауға бір табан жақын деп есептейміз.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544