Сейсенбі, 27 Қазан 2026
6324 4 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 12:17

Қазақстанда жаңа Қытай елшісі тағайындалды

Қазақстандағы Қытай елшісі болып 54 жастағы Чжан Сяо тағайындалды.

Чжан Сяо үшін өзге елдегі Қытай елшісі қызметі таңсық емес көрінеді. Ол бұған дейін Украина және Беларусьтағы Қытай елшіліктерінде, сонымен қатар Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Қытай бас консулдығында қызметтер атқарған.

Бұдан бөлек, 2011-2013 жылдары Қытайдың Өзбекстандағы елшісі болған. 2014 жылдан бері Ресейдегі Қытай елшілігінде кеңесші-уәкіл міндетін атқарған.

Ал Қазақстандағы бұрынғы Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй 2018 жылы мамыр айында Астанадан Пекинге қайтып, Қытайдың сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1223
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1718