Әуе соққысынан бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияны, Ресейді және Иранды Идлиб провинциясына шабуылдаудың "ірі гуманитарлық қателік" екенін ескерткен. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ескертуді назарға алмай, Идлиб провинциясын "терроризм ошағы" деп атаған.
Штабтар қолбасшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Джозеф Данфорд Идлибке әскери шабуылға қарсы шығып, оның орнына дәлме-дәл контртеррористік операциялар жасауды ұсынған, деп хабарлады Reuters.
Америкалық және еуропалық шенеуніктер Сирия үкіметінің Идлибті жаулап алу әскери операциясына қатысты алаңдаушылығын білдірді. АҚШ қорғаныс министрлігі Идлибте химиялық қару қолданған жағдайда Сирия үкіметіне жауап беретінін ескерткен. Пентагон Сириядағы нысандарды белгілеп қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.
Abai.kz