Сенбі, 23 Қараша 2024
3221 1 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 09:07

Өзбекстанда қайыр сұрағандар жазаланады

Өзбекстанда қайыр сұраған кәрілер мен мүгедек жандарды қайыр тілетіп, "заңсыз бизнес" жасаған адамдарды жазалау жолын қарастырмақ. Заң жобасы елдің құқықтық-нормативтік құжаттарды талқылау порталында жарияланған.

"Әуежайда, вокзалда, парктерде, базарлар мен сауда кешендерінде қайыр сұраған адамдар әкімшілік ескерту жасалып, кейін 360 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Я болмаса бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады" деп жазылған құжатта.

Заң жобасында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды, кәрілерді, мүгедек жандарды қайыр сұрауға итермелегендер 480 сағат қоғамдық жұмысқа жегу не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасын 3 қыркүйекте жарияланған. Талқылау 19 қыркүйекте аяқталады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341