Жұма, 27 Қыркүйек 2024
5233 2 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 18:24

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып Әсет Өрентайұлы Исекешев тағайындалды.

Әсет Исекешев бүгінге дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарған-ды. Ал, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі болып Әділбек Жақсыбеков қызмет еткен болатын.

Айта кетсек, Әсет Исекешев  1971 жылдың 17 тамызында туған.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

Abai.kz

2 пікір