Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3674 3 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 16:01

Бізге бәрібір болған соң, министрлерге де бәрібір

Біздің деңгейіміз тек трольдау, осыны мойындайықшы. Бюджет игерілмеген. 9 айдан бері игерілуге тиіс ақшалар енді игерілмек. Игеріліп бітуі тиіс ақшалар жыл соңы жақындағанда ғана жұмсалмақ. Алқалы жиында бәрі ашық айтылды. Бұл негізі қасірет.

Бұл деген сөз - біздің, балаларымыздың өмір сүруін жақсартатын қаншама іс істелінбеді деген сөз.

Бұл деген сөз - ел болашағының баяндылығы үшін атқарылар шаруалар атқарылмады деген сөз. 9 айда игерілуі тиіс ақшалар қалған үш айда қалай игерілетіні бәрімізге түсінікті. Ал біз соны трольдап (әзілге айналдырып) отырмыз.

Денис Теннің қазасына ел болып жылап, жауыздардың табылуын ұлт болып талап еткеніміздей, бюджеттің игерілмеуіне де солай жылау (уайымдау) керекпіз.

Негізі бізге яғни халыққа бәрі-бір болып қалған. Бізге бәрібір болған соң министрлерге де бәрібір. Осы деңгейімізбен бүгінгі күніміздің жақсы, болашағымыздың жарқын болуын талап етуіміз де әділетсіздік. Талап ету деп қоямын... біздікі трольдау, хещтег қойып күңкіл пост жазу. Сол үшін де "өтірікті де дұрыстап айту керек" деген сөз естиміз. Себебі лайықпыз!
P.S. Сонымен? Бізге сауатты болуға жұмыс істеу керек. Бәрін сауат шешеді. Ең оңай нұсқа - осында қаншама білікті мамандар бар. Кем дегенде аптасына өз саласы туралы 1 пайдалы пост жазып тұрса, санада көп өзгеріс болар еді. Ойлаңызшы, экономистер, саясаткерлер мен білім біліктілері, қаржы саласының мамандары т.б бәрі елге керек деген ақпараттарды жазып тұрса....

Сауатты қоғамға сапалы іс! Әрнәрседен хабары бар сауаттылар ғана болашағына алаңдайды.

Берік Сұлтанның facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489