Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1744 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 13:45

Саркозидің Қазақстанға сапары күзге ауыстырылды

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға сапары 2009 жылдың күзінде өтеді. Бұл туралы француз жағының бастамасымен өткен Н.Саркози және Н.Назарбаевтың телефон арқылы әңгімесі барасында айтылды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшылары Франция президентінің Қазақстанға күзде жасайтын ресми сапарының маңыздылығын атап өтті», - деп атап көрсетілген бейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарық көрген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Н.Саркозидің Астанаға сапары бірінші жарты жылдықта жоспарланған болатын.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылап, соңғы бес жылда өзара сауданың көлемі 10 есе артып, 2008 жылы $6,2 млрд-қа жеткенін атап көрсетті. Қазақстан экономикасына Франция инвестицияларының жалпы сомасы $5,1 млрд-ты құрады, оның $4,3 млрд – тікелей инвестициялар.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев Н.Саркозиге және Франция халқына көптеген адамның қаза болуына алып келген «Эйр Франс» компаниясы ұшағының апатына қатысты көңіл айтты.

1 маусымда Атлантиканың аспанында Бразилия жағалауында «Эйр Франс»  компаниясының Рио-де-Жанейро бағытында рейс орындап жатқан  А-330 ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 32 мемлекетен 216 жолаушы және экпипаждың 12  мүшесі болған. Тергеу әлі күнгі дейін аэробустың апатына не себеп болғанын анықтай алмай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592