Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4143 2 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 11:06

Ұлтты ұлт ететін не?

Ұлтты ұлт ететін не? Оны өзге халықтардан ерекшелейтін басты қасиет яки құндылық қандай?

1. Түрі ме? Бәлкім ұлтты ұлт ететін түр шығар?.. Жоқ, түр емес. Шын мәнінде ағылшынды ирландықтан, қазақты қырғыздан, қытайды кәрістен ажырата алмай қалатын ұқсастық бар. Бәрінде емес, көбінде. Демек ұлтты ұлт ететін түрі емес.

2. Бәлки салт шығар? Салт деп нақты жауап беріп, саңқ ете қалайын десем, көшпенділердің көбінің салты ұқсас, олардың ортақ салтын сайын дала төсі тудырған. Ұқсас болатындығы да содан. Тіпті кей салттары бірдей. Демек ұлтты өзгеден ерекшелейтін басты атрибут салт емес.

3. Дін бе? Әй қайдам. Дін деген жалпы тұтас ұлтқа тән емес құндылық. Ол жеке адамға тән.Мысалы қазақтың арасында мұсылман да, христиан да, буддист те бар. Құдайдың барына сеніп, нақты дінді мойындамайтындар да жетеді. Тіпті жаратушының барына мүлдем сенбейтін жандар да кездеседі. Демек дін ұлтты анықтаушы фактор бола алмайды.

4. Бәлки ұлтты ұлт ететін, оның рәміздері шығар...Алайда байрақты ауыстырып, әнұранды қайта жазып, елтаңбаны өзгертуге болады емес пе?! Демек ол емес.

5. Сонда не? Ұлтты өзге ұлттан ерекшелейтін - ТІЛ! Тіл екен достар, тіл. Біздің (яғни ұлттардың)түріміз бірдей болуы мүмкін. Әлемдегі сан ұлт бірдей дінді ұстанып, бірдей мейрам тойлауы, ұлттық ойын ойнап(мысалы көкпар), салт ұстануы ғажап емес.

Алайда ұлттарға тән бір ерекшелік  ол - тілінде. Әр ұлт өзіне тән тілмей сөйлейді, сол ерекшелік қана Ұлтты Ұлт етеді.

Демек,  тілін ұмытқан жан - ұлтын ұмытқан адам. Ол өзінің ұлтын өлтіруші тұлға.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413