Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5003 0 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 11:33

Айтпайтын сөзді айту - қастандық жасағанмен бірдей...

1. Бидайықтың бидай бола алмайтыны секілді, құдай тұлғалық қасиет дарытпаған адам мың жерден тыраштанғанымен тұлға бола алмайды.

2.Таудай ақиқаттың түбіне тарыдай өтірік жетеді. Ақиқатты әсерлі көрсетем деп түйірдей өтірік араластырмау керек.

3.Қатты ширыққан жіптің үзілетінін естеріңізден шығармаңыздар.

4.Ақымақтар ғана күні түскен адамын жер-жебіріне жетіп сөгіп, өз өтінішін орындатудан дәмеленеді... Жылы сөз, жұмсақ мәміленің алмайтын қамалы жоқ.

5.Қараңғылықты жарықпен қанжардай тілуге болады. Тұманды қараңғылыққа жарық та дәрменсіз... Тұманды қараңғылықты жеңу үшін тұманды сейілтетін желемік керек. Жер бетінде тұманды қараңғылықта адасып жүрген жандардың санасына сәуле түсіру қиынның қиыны.

6.Кім жекеге айтатын сөзді көптің көзінше айтса, ұятының жартысынан айырылады. Кім көпке айтатын сөзді жекеге айтса, игілігінің жартысынан айырылады... Кім айтпайтын сөзді айтса, өзіне және өзгеге қастандық жасағанмен бірдей.

7.Халық шенділерден даналарды жоғары қойып құрметтегенде ғана басқаларға қақысы кетпейтін ізгі, әділетті қоғам орнайды. Халық жағымпаздықтың жолына түссе, мемлекет күйрейді.

Мұратхан Шоқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415