Бірақ, ол үшін АҚШ өз уәделерін орындауы тиіс. Бұған дейін АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары бірқатар келісімге қол жеткізген еді.
"Біз Корей түбегін ядролық қарудан ада бейбіт мекенге айналдыруға келістік", - деп мәлімдеді Ким.
Бұл кездесулерге қатысты пікір білдірген АҚШ президенті Дональд Трамп қабылданған шешімдерді оң бағалаған.
Екі Корея басшыларының үшінші саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар келісімдер қабылданды. Екі ел арасындағы шекарада буфер аймақтар құрылады. 11 желтоқсанға дейін мұнда күзет бекеттері жабылады.
Солтүстік және Оңтүстік Корея жазғы Олимпиада ойындарын бірге өткізуге өтініш береді. Дегенмен, мемлекет басшыларының кездесуінде Солтүстік Кореядағы адам құқығы жағдайы туралы ештеңе айтылмады.
Abai.kz