Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3196 0 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 09:36

Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілі тағайындалды

Еуропалық одақтың Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы болып, Эдуард Ауэр тағайындалды. 20 қыркүйекте ол Қырғызстанның сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевқа сенім грамотасын табыстады.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кезінде Еуроодақ өкілі екіжақты қарым-қатынастың дамуына, атап айтқанда, білім беру саласы, ауыл шаруашылығын дамыту, сумен қамтамасыз етуге мүдделі екенін жеткізген.

Ауэр сонымен бірге Еуропалық одақ Қырғызстанда демократияның дамуы мен адам құқықтарының нығаюын қолдайды деп атап өткен.

Эдуар Аэур осыған дейін Брюссельде Еуропалық қызметтің Батыс Балқан жөніндегі бөлімін басқарған және Еуроодақтың Тәжікстандағы өкілі қызметін атқарған.

Осының алдындағы Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілі Чезаре Де Монтис 2017 жылдың қазан айында миссиясын аяқтаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114