Қазақстан - гуманизмнің отаны сияқты
Менің ағам Оңтүстік Кореяда 5 жылдай жұмыс істеп келген. Бірде жаңа жылды тойлаймыз деп достарымен ішпей ме әлгі ағам. Мас болып, сайтан азғырып, көшеде бір кәріс жігітімен төбелесіп, оның тұмсығын бұзып, Корей полициясы көкемді тұтқындайды.
Сол күннің ертеңіне көкемді шетелде жүріп бұзақылық жасағаны үшін депортациялап, өмірінің соңына дейін Оңтүстік Корея шекарасын аттап баса алмайтындай етіп, сот шешімімен құйрығынан бір тепкен.
Ал біз бір түріктің ұшақта шу шығаруына, екінші түріктің үлкен адамды тал түсте соққыға жығуына ешқандай амал қолданбаймыз.
Мейірхан Амангелдиевтің facebook парақшасынан
Abai.kz