Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5050 0 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 11:08

Қазақстандықтар параға қанша ақша береді

Ағымдағы жылдың 8 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро 1393 жемқорлық қылмысын тіркеді.  Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, - деп жазады Абай-ақпарат turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 8 айында Ұлттық бюро 1393 жемқорлық қылмысты тіркеді. Оның 761-і парақорлық фактісі болды. Ал пара алу фактісі 555 рет тіркелді. Параны алушымен қатар параны берген адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіну қажет.  Мәселен, пара берудің 157 фактісі және пара беруге делдалдықпен байланысты 49 қылмыс анықталды», - деп атап өтеді агенттіктен.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс бойынша пара көлемі 5 мыңнан басталып 30 млн теңгеден асып жығылады. Ал ұрланған қаражат көлемі 10 мың теңгеден басталып, 3 млрд теңдеген астам соманы құрайды.

«Сонымен қатар сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және талан-таражға салу, алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақша және өзге де мүліктерді заңдастыру, экономикалық контрабанда, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, қызметтік алдау сынды фактілердің жолы кесілді», - деп атап өтеді агенттіктен.

Мұнан бөлек, ағымдағы жылдың 8 айында құрылыс саласында жемқорлықтың көп орын алатындығы анықталған. Бұл салада 157 жемқорлық құқықбұзушылық, білім саласында - 110, жер қатынастары саласында - 101, ауыл шаруашылығында 95 құқықбұзушылық әшкере болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576