Путин Мәскеу қабылдаған шешім Сириядағы жағдаймен сәйкес келеді деп атап өткен.
Нетаньяху C-300 зымыранын "жауапсыз адамдарға" беру аймақтағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізіп жатыр деген. Ол Израиль өзінің мүддесін қорғайды деп атап өткен.
Таяуда Израильдің Сириядағы әскери-әуе күштерінің әрекеті ресейлік Ил-20 ұшағының құлауына, экипаждағы 15 адамның қаза болуына әкелген.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ресейлік С-300 зымыран кешенін Сирияға жеткізу Мәскеудің қателігі болып саналады деді.
Осыған дейін Ресей екі апта көлемінде Сирия президенті Башар Асад әскеріне С-300 зенит-зымыран кешенін жібереді деп хабарланған. Бұл жөнінде РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгудің өзі мәлімдеген.
Abai.kz