Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3964 0 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 14:31

Ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматы қаласының Жамбыл атындағы жастар кітапханасында Ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

Бұл шараға Дәрібаев Мейрамбек, Құрамысов Болат, Баймолдинов Серікбай, Құнанбаев Жұмат, Мулинов Бақыт, Тілегенов Марат және Дәркембаев Байдәулет, Арғынбек Есімханұлы қатысты. Кітапхана оқырмандары мен студенттер қонақтардың сөздерін зер сала тыңдады.

Қонақтар бірінен соң бірі әр азамат Отан алдында борышын өтеуі керек екені туралы айтты. Осы жолда өздерінің Ауған соғысында бастарынан кешкен оқиғаларын баяндап берді.

Бірде үлкен тау шатқалында тұрғанда әскери құрамаға үлкен басшы келіпті. Қайтарында бір құрама сарбаздар әлгі басшыны қорғап мәрелі жерге жеткізуі тиіс екен. Сонда жоғары лауазымды славян тектес басшы, мұнша көп әскердің қажеті жоқ, маған он қазақ жігітін берсеңдер болды депті.

Осындай оқиғалардың көбісі айтылған осы кездесуде жастар өздерінің қазақ ұлтының өкілдері екенін мақтаныш тұтқаны көздерінен көрініп тұрды. Ауған соғыс ардагерлері айтқан сөздерден кейін жастардың барлығының жүздерінен өздерінің Отан алдындағы борышын өтеуден бас тартпайтыны анық көрініп тұрды.

Осы дөңгелек үстел барысында әңгіме жүйелі түрде бүгінгі әлемде болып жатқан соғыстар мен террористік қимылдар туралы өрбіді. Олардың барлығы дерлік діни экстремизмнен бастау алатыны айтылды.

Шынында да қазір өздерін мұсылманбыз дейтін, үстеріне қара киім киіп жүретін қыз-келіншектердің іс-әрекеттері, қазақтың дәстүрлі сақал қою мәдениетінен тіптен алшақ, қалай болса солай сақалын қоя беретіндер, ғаламтор арқылы ойына келгенін айтып уағыз жүргізіп жүргендер туралы да айтылды.

Бейбіт өмір кезінде адам ең алдымен білім алып Отанының дамуына өз үлесін қосуы керек екені айтылып жатты.

Жастар да өз кезегінде көтерілген тақырыптар бойынша пікірлерін білдірді. Қазіргі кезде көпшілікті алаңдатып жүрген осындай мәселелер қызу талқыға түсті.

Ауған соғысының ардагерлері бірауыздан қазір білім майданы жүріп жатқанын айтты. Білімді жастар ертеңгі дамыған елдің негізі екені баса айтылды.

Жиылыс соңында жастар Ауған соғысы ардагерлерімен суретке түсті. «Адырна» бірлестігінің «Азаматтың борыш» жобасы аясында өткен осы дөңгелек үстел Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы қолдауымен іске асып жатқан «Азаматтық борыш» жобасы аясында өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483