Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 12227 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 15:27

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі елімізді демократияландыруға оң ықпал етеді

Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде қоғамдық қатынастар саласындағы түбірлі өзгерістер, тұрғындардың азаматтық белсенділіктерінің өсуі басым сипат алды. Азаматтық қоғам институттарын үдемелі және дәйекті түрде қалыптастыру, азамат пен мемлекеттің арасындағы серіктестік қатынастың орнығуы реформаларды алға бастырудың көзге айқын шалынатын индикаторына айналды.

Кез келген демократиялық қоғамның мемлекеттік және жекеменшік сектормен өзара қатынаста болатын дамыған «үшінші» сектормен сипатталатындығы белгілі, мұның өзі көпшіліктің әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдау мен оларды бірге жүзеге асыру процесіне қатысу механизмінің пайда болуын негіздейді.

Азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметі болып табылады.

Егер жағдайды абстрактілі-ықтималдық модальдықта бағалайтын болсақ «үшінші сектор» елдегі қоғамдық-саяси процестерді одан әрі демократияландыруға оң ықпал етеді. Ерікті негізде іс-әрекет жасап және бастама көтере отырып көптеген ҮЕҰ қазірдің өзінде әлеуметтік саланың өткір мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосуда.

Мәселен, мұны көп балалы және жалғызбасты аналардың, жетім балалардың, қиын жасөспірімдердің, экологиялық апаттар құрбандарының проблемаларымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға қатысты айтуға болады. Түрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің көптүрлілігін көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін қалыптастырып, нығайту еліміздегі азаматтық қоғамды орнықтырудың маңызды индикаторы болып табылатындығы күмәнсіз.

Талдау бүгінгі күні Қазақстанда қоғамдық бірлестіктерден, қорлардан, мемлекеттік емес коммерциялық мекемелерден және әлеуметтік мәселелермен айналысатын басқа да ұйымдардан тұратын жеткілікті дәрежеде дифференциалданған үкіметтік емес сектордың қалыптасқанын көрсетеді.

Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер болуда, халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі байқалады. Бұл мағынада үкіметтік емес ұйымдардың тармақталған жүйесін құру және нығайту Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды индикаторы болып табылады. Нақ үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қатынастардың өзіндік бір реттегіші болып табылады, мемлекет пен азаматтардың арасын жалғастырушы рөлін атқарады, өзіне қоғамдағы әлеуметтік жаңғырулардың көптеген функцияларын алады.

Ең алдымен, Қазақстанда «үшінші сектордың» қалыптасуының қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуына орайлас келгендігін атап айту қажет. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасын талдау шартты түрде үш кезеңді бөліп алуға және оларға қысқаша сипаттама беруге мүмкіндік береді:

1. кезең - «стихиялық», көптеген ҮЕҮ-нің стихиялы түрде

құрылу процесімен, мемлекеттің үкіметтік емес секторға көңіл

аудармауымен ерекшеленеді;

2. кезең - «талдау», мемлекеттің «үшінші секторға» қатысты

тек жалпы позициялары ғана айқындалған, үшінші сектормен өзара

қатынас жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясат толық мөлшерде

жасалынбаған;

3. кезең - «ынтымақтастық». Бұл үкіметтік емес ұйымдармен

өзара қатынас жөніндегі мемлекеттік механизмді жасау мәселесін

қоюмен сипатталатын сапалық жаңа кезең. Мұндай жағдайда

үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тең құқықты серіктестік

принципінде нақты ынтымақтасуы үлкен маңызға ие болады.

Демократиялық қоғамда ҮЕҰ көптеген функцияларды орындайды, олардың арасындағы негізгілері мыналар болып табылады:

- тұлғаны саяси әлеуметтендіруге қатысу;

- көпшіліктің жергілікті проблемаларды шешуге қатысуын

қамтамасыз ету;

- саяси шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысу;

- үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу механизмі;

- қоғамдық қызметке қатысу тәжірибесі өзге саяси қызметке

(мемлекеттік, партиялық) дайындық іспетті;

- кәсіптік кадрларды дайындау.

Әдебиетте ҮЕҰ-ның көптеген анықтамалары бар: nongovernmental organizations, НКО, НКПО, НГО.

Талдау мақсаттары үшін үкіметтік емес ұйымдардың бес негізгі сипаттамасын: коммерциялық емес, мемлекеттік емес, саяси партия емес, діни бірлестік емес, олардың қоғамдық пайдалы қызметін бөліп алуға болады.

Бұл жерде ондай сипаттамалардың өзінде қарама-қайшылықтар бар екендігін, сөздің белгілі бір мағынада «өзін жоққа шығаратындығын» ескерту қажет. Сондықтан ҮЕҰ-ның қоғамдағы орнын анықтаған кезде байыпты қатынас аса маңызды.

Бұл сипаттамалардың әрқайсысын бөлек алып қарауға болады:

- коммерциялық емес: қаржыландыру шарты - гранттар,

субсидиялар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс формасы + ұйымды

дамыту мақсатында коммерциялық қызметпен айналысу мүмкіндігі;

- мемлекеттік емес: дегенмен ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара

қатынасы қажет - заңдылық база;

- саяси емес: сайлауға, үгітке қатысу + саяси партиялармен

бірдей қатынаста болу;

- діни емес: айырым критериі, мақсаттардың ортақтығы болуы

мүмкін;

- қоғамдық пайдалы қызмет: мемлекеттегі әлеуметтік саясатты

жаңаша түсіну.

ҮЕҰ-ның осынау функциялары мен сипаттамаларынан шығара отырып мемлекет бүгінгі күні «үшінші секторға» қатысты саясатын қалыптастырады. Бұл жерде бүгінде қоғамдық секторды бірінші кезекте сапалы, салмақты, ең алдымен, ұйымдық-практикалық жағынан қолдау проблемасы туындайды.

Әлеуметтік маңызды міндеттерді жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тең құқықты серіктестік принципінде нақты ынтымақтасуы үлкен маңызға ие болады.

Елбасының 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бүгінгі күннің өзінде Қазақстандағы құқыққорғау қызметінде де және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен рөл ойнайды. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, жекелей алғанда, грант жүйесі арқылы, байыпты мемлекеттік қолдау қажет. Бұл орайда да ауқымды жұмыстарды бастайтын уақыт жетті» делінеді. Президенттің 2002 жылғы Жолдауында да «азаматтық қоғам институттарының одан әрі дамуына қолдау жасау» міндеті қойылғандығын атап өту қажет.

Бүгінде мемлекетті «үшінші секторға» «бет бұрды» деп сеніммен айтуға болады, бұған ол үкіметтік емес ұйымдардың демократиялық процестердегі рөлін сезіну арқылы келді. Бұған Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау Қонцепциясының қабылдануы мысал бола алады. Концепцияда еліміздегі қоғамдық сектордың қазіргі кездегі жағдайына талдау жасалынған, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны жүзеге асырудың деңгейі, принциптері мен механизмдері айқындалған.

Үкіметтік ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың негізгі мақсаты ретінде Концепцияда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты жүргізуде қатынастардың жаңа үлгісін қалыптастыру, әлеуметтік бағытталған үкіметтік емес ұйымдарға олармен белсенді ынтымақтасу жолымен тиімді қолдау көрсету, оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту, ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдық-техникалық қолдау, сонымен қатар оларға мемлекеттік тапсырыс арқылы көмек көрсету жайлары айқындалған,

Аталған Концепцияда «үкіметтік емес» түсінігі сақталынады, өйткені Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, оны орындау үшін де осы Концепцияның жобасы жасалынып отыр емес пе, нақты «үкіметтік емес ұйымдарды» мемлекеттік қолдау жайында айтылады.

Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау формаларына қатысты былай деп атап көрсетілген: «...заңдылық үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік саясатын тікелей қарастырмайды, бір-бірінің істеріне араласпау принциптерін және өз қызметін тараптардың келісімдері негізінде атқаруды бекітеді». Өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағында: «Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген тәртіппен үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне соңғылары мемлекеттік органдарға өтініш жасаған жағдайда ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық көмек көрсетеді» деп тұжырымдалады.

Сол сияқты 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 40-бабы коммерциялық ұйымдар өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мемлекеттік органдармен олармен келісім жасап, олар үшін белгілі бір жұмыстар орындау жолымен ынтымақтаса алады деп белгілейді. Бұл ережелерден коммерциялық емес ұйымдар атқарған жұмыстың тегін істелінбейтіндігі түсінікті болып шығады, оны мемлекет төлейді. Сөз коммерциялық емес ұйымдардың қызметін тікелей қаржыландыру туралы болып отырған жоқ. Мемлекет коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйым тарапынан белгілі бір жұмыстың атқарылғандығы туралы келісім шарт жасап немесе келісімге қол қоя отырып конкурстық іріктеу жолымен белгілі бір әлеуметтік проблеманы шешеді.

Әлеуметтік тапсырыс формасындағы мемлекеттік қолдау биліктің республикалық, өңірлік және жергілікті органдарының әлеуметтік және қоғамдық-пайдалы бағдарламаларды нақты орындау және атқарылған жұмыс үшін тиісті төлем алу мүмкіндігін беру арқылы жүзеге асырылады. Концепцияның 3 тарауында «Әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы нақты әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешуге бағытталынған мақсатты әлеуметтік шараларды (акцияларды, бағдарламаларды) жасау және (немесе) жүзеге асыру, сонымен қатар республикалық және жергілікті мақсатты бағдарламалар шараларына конкурстық негізде қатысу болып табылады» деп анық айтылған.

Қойылып отырған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер айқындалып отыр:

1. мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасы мен ынтымақтасуы жүйесін жетілдіру;

2. азаматтық бастамашылдықтың өсуі үшін жағдай жасау;

3. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы әлеуметтік бағытталынған үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламаларын қаржыландыру;

4. мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара қатынасы жөнінде Кеңестер құру;

5. бірлескен шаралар өткізу (конференциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша тренингтер, қайырымдылық, мәдени-көпшілік акциялары және басқалар);

6. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

7. үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу шарттарын жұмсарту.

Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелеріне деген қатынас мынадай принциптерге негізделуі тиіс:

*заңнамалық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларын сақтау;

*серіктестік - үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік проблемаларды шешуге, әлеуметтік саясаттың басымдықтарын айқындауға бірлесе қатысуы;

• ашықтық - тараптардың ашықтығы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты беруде барлық мүдделі үкіметтік емес ұйымдар үшін ақпараттың жалпы қолжетімділігі;

• тең құқықтылық - барлық үкіметтік емес ұйымдардың тендерге қатысудағы тең құқығын қамтамасыз ету;

• келісімділік - қойылған мақсатқа қол жеткізу және жалпы қызметті ұйымдастыру әдістері бойынша келісілген шешімдер қабылдау;

• жауапкершілік - тараптардың әлеуметтік тапсырысты орындауда бекітілген мемлекеттік келісімшартты қатаң сақтауы.

Концепцияда үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау әртүрлі формаларда: ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қолдау көрсету түрінде жүзеге асырылуы мүмкін екендігі айқындалған.

Қазіргі кезде Концепция базасында үкіметтік емес ұйымдарды 2006-2008 жылдарға мемлекеттік қолдау Бағдарламасы жасалынған. Бағдарлама еліміздің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының арасында серіктестік қатынастардың тиімді жүйесін құруға бағытталынған.

Бағдарламаның мақсаты - азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау және олардың мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау және өзара қатынас негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту.

Бағдарламада кешенді шешімі үкіметтік емес ұйымдардың сапа жағынан өсуін ынталандыратын мынадай міндеттер айқын көрсетілген:

- мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;

- әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсету;

- үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;

- мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара қатынасы мәселелері бойынша дайындықтарын және мамандану дәрежелерін көтеру жүйесін жасау;

- үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингі;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін белгіленген шараларды кезеңімен орындауды көздейтін Шаралар жоспары жасалынған. Жоспар мемлекеттік органдардың Бағдарламаны орындау жөніндегі қызметін үйлестіруге және бақылауға мүмкіндік береді.

Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың республикалық Бағдарламасын қабылдау дәл осындай аумақтық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға ықпал етті, мұның өзі ҮЕҰ-ның өңірлердегі жұмысын жандандыра түсті.

Бағдарламаны дайындауға меморгандар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысқандығын атап өту қажет.

Мемлекеттің қоғамдық сектордың қызметін заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде елеулі шаралар қабылдауының арқасында бүгінде ҮЕҰ қызметін реттеу бөлігінде заңнамалық база жетілдірілді.

Осы жерде жаңадан қабылданған «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңды атап өту қажет. Аталған Заңда үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың басымдықтары, принциптері, механизмдері, тараптардың міндеттері, оны жүзеге асырудың деңгейі көрсетілген. Заң үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге қатысуы үшін құқықтық негізді қамтамасыз етеді.

Заң ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара қатынастарының құқықтық негізін жасайды, олардың қатынастарын өркениетті және сөздің шын мәнінде серіктес ете түседі. Бүгінде мемлекет қандай да бір проблеманы шешуде де әкімшілік ресурсқа мейлінше аз сүйенуі керек. Қолдау, соның ішінде қаржылай қолдау көрсете отырып «үшінші сектормен» өзара сенімді қатынас орнату маңызды. Заң көптеген мемлекеттік органдарға, соның ішінде орталық, өңірліктерге де, серіктестік қатынас орнату үшін мүмкіндіктер ашып отыр.

ҮЕҰ үшін Заң әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру кезінде бұрыннан барларына қосымша қаржыландыру көздерін жасайды.

Қоғам үшін жалпы алғанда заң азаматтық қоғам орнатудағы жаңа кезеңді паш етті. Ол ҮЕҰ санының олардың жұмысындағы жаңа сапаға ауысуына ықпал ететін болады.

Сонымен, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты жүргізудегі қатынастардың жаңа үлгісін жасау, әлеуметтік бағытталынған үкіметтік емес ұйымдарға олармөн белсенді ынтымақтасу, оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту арқылы тиімді көмек, қолдау көрсету болып табылады.

Мемлекеттік және коммерциялық емес секторлардың ынтымақтасуы шеңберінде қазіргі сәтте бірлесе жүзеге асырылған бастамалардың, әлеуметтік маңызды жобаларды орындаудың, бірлесе жемісті жүмыс істеудің мысалдары белгілі. Сонда да болса, ынтымақтастықты дамыту кезеңі жаңа басталды деп сипатталынады және бұл салада біздің ортақ мақсатымыз -Қазақстан Республикасында еркін, тиімді және қауіпсіз қоғам орнатуға қол жеткізу шеңберінде көп жұмыстар атқару қажет болады.

Гүлнар Жақыпова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454