Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1982 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 13:49

Иранда президенттік сайлау басталды

Теһран. 13 маусым. ҚазТАГ- Бүгін Иранда президенттік сайлау өтіп жатыр. ИИР мен тағы басқа 130 елдегі Ирандықтар оныншы президенттік сайлауда дауыс береді, деп хабарлайды ирандық БАҚ-тар -  Fars пен IRNA ақпараттық агенттіктері.

Президенттік сайлауға төрт үміткер – ИИР-ның қазіргі президенті - Махмуд Ахмадинежад, бұрынғы премьер-министр Мир Хоссейн Мусави, парламенттің экс-спикері - Мехди Карруби мен ИРҚК-нің (Ислам революциясын қорғаушылар корпусы) бұрынғы бас қолбасшы Мохсен Резаи қатысып отыр.

Сайлау алды науқан 22 мамырда басталып 10-шы маусымда аяқталған.

Дауыс беру Теһран уақтымен таңғы 8:00-де басталып кешкі 18:00-де аяқталады. Ел бойынша 45 713 дауыс беру жәшіктері дайындалған. Шет елдерде – оның ішінде АҚШ, Түркия, Ирак пен басқа да мемлекеттерде – 304 жәшік дайындалған.

Егер үміткерлердің біреуі 50%+1 дауыс алса, сол жеңген деп танылады. Егер үміткерлердің ешқайсысы қажет дауыс мөлшерін ала алмаса, 19 маусымға белгіленген дауыс берудің екінші айналымына бірінші дауыс беруде ең көп дауыс алған екеуі шығады.

Иранның ішкі істер министрі сайлаудың қортындысы келесі күні, яғни 13 маусымда анықталады деп мәлім етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608