Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3702 0 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 10:31

Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды, деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардың тағайындалған әкімдерінің қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардың алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

«Аудандардың жаңа әкімдері абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, көшелерді жөндеуге, ғимараттардың архитектуралық келбеттеріне айрықша назар аударғандары жөн. ТҮКШ-ты модернизациялау аясында үйлерді жөндеуді жалғастырып, «Ескі тұрғын үй» бағдарламасын мықтап қолға алулары тиіс», - деді қала әкімі.

Аудан әкімдеріне білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп мектептердегі оқушы орындарының жетіспеуі мен емханалардағы сырқаттар тығыздығы мәселесін шешу тапсырылды.

Айта кетерлігі, Алмалы ауданының жаңа әкімі Бекқали Торғаев 5 жылдан астам уақыт Әуезов ауданында осы қызметті атқарды. 2015 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданының әкімі атанды.

Үш жыл ішінде ауданда салық түсімі 22%-ға, шағын және орта кәсіпорындар саны 12%-ға, негізгі капитал инвестициясы 28%-ға артты. 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орныдары ашылды, 1,3 млн. кв.м. тұрғын үй іске қосылды, аулалардың 47%, жер асты өтпелі жолдардың барлығы жөнделді.

Өз кезегінде Бостандық ауданының жаңа әкімі Алтай Рахымбетов еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласы экология басқармасының маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл бойына еңбек етті, соның ішінде Алматы қаласы Табиғатты реттеу басқармасының басшысы да болды. 2015 жылдың ақпанынан Әуезов ауданының әкімі.

Осы уақыт ішінде салық түсімі 74%-ға, бөлшек сауда айналымы 60%-ға, инвестиция 40%-ға артты, 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 6 мемлекеттік және 60 жеке бала бақшалар ашылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970