Мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасы таныстырылды
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі депутаттарға «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды.
Заңның жобасын таныстыра отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған басым міндеттерді орындау мақсатында Министрліктің «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын әзірлегенін хабарлады.
Министрдің айтуынша заң жобасымен 11 заңнамалық актіге, оның ішінде негізгі: 1) ТМККК моделі мен МӘМС пакетін енгізу; 2) медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру; 3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын енгізу; 4) қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелерін жетілдіру; 5) медициналық білім мен ғылым жүйесін жетілдіру, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру және басқа да бағыттарды қамтитын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізіледі.
Сондай-ақ Елжан Біртанов ТМККК мен МӘМС жаңа моделі ДДҰ-ның халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі принциптеріне сәйкес келетінін атап өтті. Мәселен, ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету мен стационарлық көмекті қоса алғанда, медициналық көмек барлық азаматтарға, оралмандарға, ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек ТМККК тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады. Бұл ретте, МӘМС пакеті ТМККК пакетімен салыстырғанда 42,4 мың теңгеге артық болады, бұл халықтың МӘМС жүйесіне қатысуын айтарлықтай ынталандыратын болады.
«Денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқару мен бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында: 1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы қадағалау кеңестерінің өкілеттігін кеңейту; 2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда алқалық атқарушы органдар енгізу; 3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда ішкі аудит қызметін енгізу көзделеді», – деп мәлімдеді Министр.
Ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының ережелерін іске асыру мақсатында заң жобасында: ҚР ДСМ-ге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай песрпективалық жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша және ЖАО-ға ҚР ДСМ-нің келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын бекіту бойынша өкілеттіктер берудің көзделетінін атады. Осы нормаларды іске асыру нәтижесінде 1) мемлекеттік инвестицияларды жоспарлауды оңтайландыру; 2) аурухана ұйымдарының шығындарын оңтайландыру; 3) медициналық көмекті интеграциялау; 3) жеке бизнес үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысудың тартымдылығын арттыру күтіледі. Осылайша, МӘМС енгізу жағдайында медициналық көмек көрсету сапасы, денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігі арытады.
Бұдан басқа, 2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерді (ХМСЕ) іске асыру бойынша түзетулерді қабылдады. ХМСЕ Ұлттық дәлізінің өкілеттігі мен мәртебесін регламенттеу мақсатында заң жобасында ҚР ДСМ-ді ХМСЕ ережелерін іске асыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде заңнамалық белгілеу, сондай-ақ ҚР ДСМ-ге ХМСЕ енгізу, іске асыру және ХМСЕ ұлттық дәлізінің мәртебесі мен қызметі туралы ережені бекіту жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру құзыретін беру көзделеді. Осы түзетулер мынадай күтілетін нәтижелерге әкеп соғады: 1) халықтың денсаулығына төнген қауіптерге және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ тез және тиімді ден қою; 2) ДСМ мне ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың жеделдігі мен сапасын арттыру», – деп сөзін жалғастырды Елжан Біртанов.
«Медициналық білім мен ғылым жүйесін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көзделген міндеттерді шешу үшін заң жобасында: медициналық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік институты енгізіледі; медицинадағы ғылыми қызмет жетілдіріледі; денсаулық сақтау саласындағы білім мен ғылым ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларының құзыретін бағалау жүйесі енгізіледі, сондай-ақ Nazarbayev University ұқсас интеграциялаған академиялық медициналық орталықтар мен университеттік клиникалар құру механизмі арқылы ғылым, практика мен білімнің үштұғырлығы үшін жағдай жасау көзделеді», - деп баяндады Министр.
Өзінің сөзін түйіндей келе, Елжан Біртанов осы заң жобасының донор институтын және туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге; МӘМС одан әрі жетілдіруге; денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын енгізуге;кейбір әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қайта қарауға; қолданыстағы заңнамадағы денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша олқылықтарды түзетуге бағытталатынын атап өтті.
Abai.kz