Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2025 0 пікір 13 Маусым, 2009 сағат 05:28

«Zona.kz» бас редакторы веб-сайттың авторы қазақстандық шенеуніктің аттасы болып табылатынын айтуда

Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. «Zona.kz» танымал интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың сайт редакциясы «сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаевтың және авторлардың бірінің есімдерін пайдалана отырып, өз веб-сайтының оқырмандарын адастырып отыр» деген пікірімен келіспейді.

«Бұл шынымен де есімдердің сәйкес келуі ғана. Біздің автор Нұртай Әбіқаев – сыртқы істер министрі бірінші орынбасарының аттасы. Осындай есімі бар адам шынымен де бар», - деп түсіндірді Ю. Мизинов. Ол өзінің редакциялық тәжірибесінде осындай оқиғалар бұған дейін де кездескенін атап көрсетті.

«Асылбек Қожахметовтың («Шаңырак» ЖШС-нің төрағасы - КазТАГ) аттасымен де осындай жағдай болды. Аты мен тегі толығымен сәйкес келеді!», - деді «Zona.kz» бас редакторы.

Тілшінің осындай жағдайларда ол танымал қазақстандық саясаткерлерінің аттастарының төлқұжаттарын тексере ме деген сұрағына Ю. Мизинов: «Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, өзіңіз біліңіз!» деп жауап қайтарды.

Еске сала кетейік, 9 маусымда «Zona.kz» газетінде Нұртай Әбіқаевтің «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты мақаласы жарық көрді, бұл қазақтардың ділі мен көшпенділік тұрмысының түп-тамыры туралы ой қозғаған қазақстандық шенеуніктің аттасы болып шықты.

Екі күннен кейін ҚР СІМ министрдің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев «бұл мақалаға еш қатысы жоқ және оның авторы болып табылмайтынын» айтып, ресми мәлімдеме жасады.

Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың пікірінше, «бұл материалдың авторы zona.kz оқырмандарын мақсатты түрде адастырып, сайттың редакциясы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаевтың және бұрын белгісіз болып келген автордың есімдерінің сәйкес келуін пайдаланып отыр».

Қазақстанда Нұртай Әбіқаевтың қанша аттасы бар? ҚР статистика жөніндегі агенттігінде ондай ақпарат жоқ.

«Біз ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша мұндай зерттеулер жүргізген жоқпыз», - деп атап көрсетті статагенттіктің баспасөз хатшысы Динара Жандаева. 

Соңғы уақытта жаңа туған сәбилерді танымал саясаткерлердің, әкімдердің, эстрада жұлдыздарының есімдерімен атау сәнге айналған. Мысалы, ОҚО АХАЖ мәліметтеріне сәйкес, соңғы президенттік сайлауда ғана 2005 жылғы желтоқсанның бірінен алтысына дейінгі кезеңде туған 25 оңтүстікқазақстандыққа Нұрсұлтан есімі берілді.

«Көптеген ата-аналар қуана-қуана өз балаларын мемлекет басшысының аттасы қылған. Олардың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың толық аттасы да бар», - деп жазады «Комсомольская правда».

Ал «Караван» газетінің жазуынша, Қызылордадан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан Махамбет ауылында Бен Ладен есімді бала тұрып жатыр.

«Жеті жастағы Бенге бұл есімді оның әкесі берген. Бен туғанға дейін Америкадаға 11 қырқүйек оқиғалары болған», - деп атап көрсетеді басылым.

Осы газеттің мәліметтеріне сәйкес, орыстың ұлы ақынының аттасы, қарағандылық  Михаил Юрьевич Лермонтов танымал футбол клубы үшін ойнайды және өлең жазбайды, деп хабарлайды «Караван». Өскемендік бизнесмен Александр Сергеевич Пушкин де өлең жазу білмейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608