Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2101 0 пікір 13 Маусым, 2009 сағат 05:30

Балқаштағы әскери бөлімше командирі 16 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Қарағанды. 12 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды гарнизонының әскери соты 26441 әскери бөлімшесінің бұрынғы командирі Асхат Келімбевқа үкім шығарды. Полковник өз қызметіне ауыр салдарға соқтырарлықтай салақ қараған деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар сот, мемлекет пайдасына А. Келімбаевтан 16 млн 961 мың теңге өндіріп алу туралы қаулы шығарды. 

Сот процесінің мемлекеттік бас айыптаушысы, Орталық аймақтың әскери прокурорының бастық орынбасары Талғат Бегаев ҚазТАГ-қа хабарлағандай, 26441 әскери бөлімшесінің бұрынғы командирі Асхат Келімбевтың қылмысы, мемлекеттік сатып алулар туралы заңның орындалуын жоспарлы түрде тексеру барысында анықталды. 

«Тексерген әскери прокурорлар сорақылық фактіні анықтаған. 2007 жылдың 6 қыркүйегінде ҚР қарулы күштерінің тыл басқармасы жанар май басқармасының бастығы, 26441 әскери бөлімшесінің командирі А. Келімбев пен жеке кәсіпкер А. Сатыпалдиновтың  арасында 17 млн 277 мың теңге сомасында бланк өнімдерін дайындау туралы 10 келісім жасалған. Бірақ тексеру барысында барлық бланктер қарапайым әдіспен, лазерлік принтерде қапайым А-4 қағазын пайдаланып жасалғаны анықталған. Сот-экономикалық сараптама әр бланктың құнын 4-5 теңге деп бағалады, ал келісімшарт бойынша әр бланктың құны орташа есеппен 200 теңгені құраған», - дейді Т. Бегаев.

Сөйтіп, барлық тапсырыстың нақты сомасы, сараптама қортындысына сәйкес, 315 мың 590 теңгені құраған, ал үстеме төлем 16 млн 961 мың 410 теңге болыпты.

ҚР ІІМ тергеу комитетімен прокурорлық тексеріс материалдарына сәйкес бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта айыпталушы күнәсін мойындаған. Сот бұрынғы командирді жымқырған қаражатты қайтарып беруге міндеттеп, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608