Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Бүгін сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Отырыстың күн тәртібінде:
- Денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың өзекті мәселелері.
- 2018 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары.
- Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу мәселелері.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Abai.kz