Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4467 3 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 12:37

Коммунистер биліктің айтқанын бас шұлғып қабылдайтындарды ғана қалдырды

Ресейдің бұрынғы президенті Борис Елсиннің кеңесшісі болған Сергей Карагановтың өз газеттеріне берген сұхбатының ішінен қазақтар туралы айтқан мынандай тамаша сөзі бар екен.Тақырыптың өзі де Орда мен Византияның Московия мемлекетіне тигізген орасан ықпалы мен коммунистердің жасаған ылаңына қатысты өрбіген екен.

Әңгіменің аяғына қарай әлгі саясаткер былай депті: «Қазақтарды тарихи жадынан айырып, халықты дүбәралау саясаты отыз бен қырқыншы жылдардың ортасында қатты жүрді. Сүттің бетіндегі қаймағы сияқты болған барлық интеллигенциясы осы жылдары түгел оққа ұшып, ұлт бұдан кейін үлкен тобырға айналып шыға келді.

Жаңаша пайымдайтын, озық ойлы, арда мінезді ұлтшылдардың бәрін құртып, коммунистер жаңа биліктің айтқанын бас шұлғып қана қабылдайтындарын қалдырды. Былай қарасаң, Сәвет өкіметі шынымен де құл-құтандардың билігі болатын. Ең қызығы, осындай сұмдық геноцид бұл халықтың ғасырлар бойғы бізге жасаған ықпалын бәрібір бәсеңдете алмады. Соғыс жылдары қазақтар баяғы бабалары сияқты (Кресшілерге қарсы соғыста Московияға көмекке келген ордалықтарды меңзеп отыр) тағы да атқа қонып, майданның алғы шебінен көрінді. Әрбір он оқтың тоғызы да Қазақстанда жасалғанын қалай жасырамыз?

Мәскеуді қорғағандар, атақты партизандар, тіпті, адамзат шежіресіндегі ең алапат айқаста аты аңызға айналған қыздардың да көбі осылардың арасынан шығыпты. Ген деген өзі, қызық нәрсе... Халықты қанша қырсаң да, оны жоқ қылып жібере алмайсың. Ол түбі бір жерден жарқ етіп шыға келеді...»

Бақытбол Берімбайұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413