Сенбі, 23 Қараша 2024
2831 0 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:34

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді

Съезд Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насермен кездесті. Сенат Төрағасы осы жылдың сәуір айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Аррия формуласы бойынша кездесу өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкіліне алғыс білдірді. Аталған кездесу аясында Съезд мақсаттары мен тұжырымдамасының таныстырылымы өткен болатын.

Қ.Тоқаев қазіргі ұйым негізінде Конфессиялар мен өркениеттер үнқатысуы жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың орталығы құрылатыны туралы хабардар етті. Жоспарланып отырғандай, Орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық аренада ілгерілету және форумды институттандыру ісінде маңызды құрал болмақшы.

Н.Аль-Насер бұл бастаманы қолдайтынын, сондай-ақ «Үнқатысудан айнымау: алдын-алу шаралары және бейбітшілікті қолдау жолындағы әріптестік» тақырыбы бойынша қараша айында Нью-Йоркте өтетін Өркениеттер Альянсының Жаһандық форумына дайындық барысы туралы айтты.

Киелі Тақтың дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесіндегі исламмен байланыс бөлімінің меңгерушісі монсеньор Халед Акашемен әңгіме барысында Қ.Тоқаев Рим-католик шіркеуінің бейбітшілік пен ынтымақты қолдау және өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамыту қызметін жоғары бағалап, Астанада өтіп жатқан форумға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, «Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы іс-қимылдың үлгісі болып табылады».

Сенат Төрағасы қазақстандық католиктердің еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Х.Акаше алдағы уақытта құрылатын Конфессиялар мен өркениеттер арасындағы үнқатысу жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың орталығының қызметіне ықылас білдіріп, Ватиканның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі бастамаларын толығымен қолдайтынын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490