Сенбі, 23 Қараша 2024
3966 23 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:51

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-дан 50%-ға дейін көтеріледі

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте білім және ғылым вице-министрлері Эльмира Суханбердиева және Бибігүл Асылова мектепке дейінгі білім сапасын көтеру шаралары туралы айтып берді.

Э. Суханбердиеваның айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау үшін Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білімге қатысты бірқатар мәселелерді қарастырып жатыр.

«Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Жол картасын жасадық. Жұмыс тобы құрылып жатыр. Бірыңғай ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу бойынша жұмыстарды бастап жатырмыз», — деді вице-министр.

Орта буын педагогтарына арналған біліктілік тестілеуі әзірленіп қойғанын айта кету керек. Сонымен қоса, биыл маусым айында 56 910 педагог сол тестілеу бойынша аттестаттаудан өткен. Тестілеуден және екінші кезеңнен өткен мұғалімдер 1 қыркүйектен бастап жаңа жалақы алып жатыр. Келесі тестілеу 2018 жылы қарашада өтеді.

Тәрбиешілер үшін де осындай ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу жоспарланып отыр.

«Біз жалақы деңгейін көтеру туралы айтып отырмыз. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша 30%-дан 50%-ға дейін қосымша төлемақы енгізіледі. Яғни, бұл тек тәрбиешілердің ғана емес, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлерінің де жалақысына қатысты», — деді Э. Суханбердиева.

Бибигуль Асылова

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова тапсырма бойынша 2023 жылға қарай жалпы біліп беру саласына жұмсалатын шығындар біршама арттырылатынын айтты.

«Бізге бөлінетін қосымша қаржының арқасында, 2019 жылдан бастап балабақша тәрбиешілерінің, әдіскерлері мен меңгерушілерінің жалақысы өседі. Педагогтардың мәртебесі туралы заңды әзірлеу аясында мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарларының жалақысын көтеру қарастырылып отыр. Сонымен қатар, педагогтарды қолдау мақсатында сыныпқа жетекшілік еткені және дәптерлерді тексергені үшін жалақыны үш есеге дерлік арттыру қарастырылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді», — деді Б. Асылова.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485