Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5446 0 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 14:46

Көсегесі көгерген ауыл жоқ

"Ауыл жылы" деді, "дипломмен ауылға" деді, "субсидия" тағы да басқа бағдарламалар...

Қандай нәтиже берді? Кім айта алады? Көк тал ектіріп көгертіп қойғаны болмаса шын мәнінде көсегесі көгерген ауыл жоқ. "Барлық ауылға мектептер салдық" дегенмен, ондағы балаларды қалай асырайды жұрт.

Айналып келгенде, "Ауыл халқы жалқау, үкімет берген мүмкіндікті пайдаланбайды" -деп, кінәні өздеріне аудара салды.

Ауыл халқы жалқау емес. Керісінше, еңбекқор. Өз күштерімен өзегі талмай бүгүнгі күнге жетіп отырғаны соның дәлелі, ағайын!

Ауылдардың тұрмыстық-экономикалық жағдайын көтермесе болмайды. Тұрақты жұмысы не кәсібі болмағандықтан, жастардың қалаға көшуі жиілеп кетті. Бұлай кете берсе алдағы уақыттарда ауылда тұрғын қалмайды. "Қазақтың қара шаңырағы" ауылдан айырылсақ, сарқыты ғана сақталып отырған салт-дәстүрімізден жұрдай боламыз.

Ауылды сақтау, Қазақилығымызды сақтаудың бірден-бір жолы!

Айдар Тойкеновтың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746