Ақпаратта уақытша шектеу Қазақстан қабылдаған шаралар нәтижесінде алынғаны туралы айтылған.
Бұған дейін Қырғызстан мемлекеттік инспекциясы қазанның 8-і күні қабылдаған уақытша шектеу туралы шешімін Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда құс тұмауының өрши түсуі себеп болған деп түсіндірген. Осыған байланысты, Қазақстан билігіне жағдайды анықтау үшін ресми сұрау жолданған. Шектеуді алып тастау я ұзарту туралы шешім көрші елдің ветеринарлық қызметінің жауабына байланысты қабылданады деп хабарланған.
Қырғыз тарабы уақытша шектеу енгізеннен кейін Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі көрші елдің Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тауық еті мен жұмыртқа әкелуге шектеу қоюы - заңсыз деп мәлімдеген.
Қазанның 12-інен бастап Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдеріне уақытша шектеу енгізген. Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігі мұндай шешім «Қырғызстан территориясындағы аса қауіпті мал ауруына қатысты қолайсыз жағдайға байланысты» қабылданды деп түсіндірген.
Abai.kz