Жексенбі, 24 Қараша 2024
Араша 4399 4 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 11:00

Алиповаға қарсы жасалған қудалау заңға да, әділеттілік принциптеріне де қайшы!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне

 

Құрметті достар!

Әділеттілік талабы кемелденген қоғамның бөлінбес қасиеті.

Әділеттілікке сыза түскенде қоғамның берекесі таязданатыны анық.

Әділеттілік әр-бір адамға еңбек берушінің қатынасы, жұмыс істеушіге адамгершілік көзқарастан басталары анық.

Көпе-көрнеу әділетсіздік фактілері қоғамды ыдыратып қана қоймай, пессимизм әкеледі.

Осынау әділетсіздік фактілері мына адамға қатысты бір жылдан астам ашықтан-ашық, еліміздің заңдарына қарсы, зорлық-зомбылықпен іс жүзіне асуда.

Бұл біздің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі досымыз Сауле Алипова деген азаматша.

Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері осы азамшаның азаматтық құқын таптап қана қоймай, еліміздің заңдарын «шыр айландырып», заңдарды белшесінен баттап отыр.

Сөзің байыбы төменде.

Сәуле Алипова 2005 жылы Балтабай ауылдық округінің әкімі аппаратына жұмысқа қабылданады. 2009 жылы осы ауылдық әкімінің орынбасары лауазымына жоғарылайды.

Кейініректе аудан басшылығымен беймәлім мәселелерге келісе алмай, бұл кісіні қудалау басталады.

Қудалау Сәуле Алипованы әр-түрлі себепбермен жұмыстан шығарумен аяқталады.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы істің мән-жайына сараптама жасай отырып, Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігі, аталған ауданның сот өкілдері заңды белшесінен баса отырып, өз алдына шешімдер шығара беретін тәрізді.

Әділетсіздік, адамның құқын таптау, көпе-көрнеу заңды бұзу деген осы шығар!

1. Шағымданушы кәсіподақ мүшесі екендігін, сондай ақ Балтабай ауылдық округы әкімі аппараты жанынан құрылған кәсіподақ комитетінің төрайымы екендігін хабарлайды. Еңбек кодексінің 146-бабына сәйкес кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң еңбегі "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V Заңында (бұдан әрі – Кәсіподақтар туралы заң) көзделген ерекшелiктермен бiрге Еңбек кодексімен реттеледi.

Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға осы адамдар мүшелері болып табылатын кәсіподақ органының уәжді пікірі ескеріле отырып, еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысымен (төрағасымен) еңбек шарты жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін емес.

Тәртіптік жаза қолдану және негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының уәжді пікірін есепке алу ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Соттар еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың немесе тәртіптік жауаптылыққа тартудың заңдылығы туралы дауды шешкен кезде "кәсіподақ мүшесі" және "сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі" деген ұғымдардың аражігін ажыратуы керек. Заңнама негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне ғана қатысты кәсіптік одақтың кәсiподақ органының уәжді пікірін алуды талап етеді. Жұмыс беруші еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықты шығару кезінде кәсіптік одақтың кәсiподақ органының уәжді пікірін алуға міндетті.

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу немесе негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органының мүшесін тәртіптік жауаптылыққа тарту сәтінде кәсіптік одақ органының уәжді пікірінің болмауы жұмысқа қайта алу туралы талап қоюды қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылады, өйткені уәжді пікір бұйрық шығарылғанға дейін алынуға тиіс.

Яғни, Сәуле Алиповаға қарсы жасалған жұмыстан шығару, қудалау мәселелері заңға да, әділеттілік принциптеріне де қарама-қайшы заңсыз әрекеттер!

Мен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікке осы мәселені жіті қарап, Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігінің заңсыз іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімін қайта қарап, заңға сәйкестендіре отырып, аудандық осынау әділетсіздікке жол берген лауазымды тұлғаларды заңға тартуды өтінемін!

Ерлан Саиров,

ҚР Кәсіподақтар федарациясы төрғасының орынбасары

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550