Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5669 5 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 13:41

Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішев

Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары Жазушылар Одағының ғимараты алдында Сәкен Жүнісов пен Әлжаппар Әбішевке жолығып қалдым. Әлжекеңнің "Шерлі щежіресі"- шыққан кез. Сәкен аға осы кітап туралы біраз тебірене сөйлеп, Әлжекеңді ырза қылып тастады.

Әлжекең:" – Әй, сен оқыдың ба оны?"-деді маған бажырая қарап.  – Жоқ... Қолға түспеді..." - дегем.  Әлжекең:" Сендер өздеріңнен басқа кімді оқушы едіңдер?!"-деп, маған жақтырмай қарап, ішке кіріп кетті.

– Мен сенің осы көкеңді елден ерек сыйлаймын. Неге екенін білесің бе?-деді Сәкен аға, – Бұл НКВД-нің Мұхтар Әуезовтің соңына салып қойған жансызы ғой?! Мұхаң – Алашорданың адамы, Әлжаппар – Қарағандыдан келген пролетариат, өкіметтің ең сенімді кісісі, содан одан:" Мұхтар не істеп жүр, Совет өкіметі туралы не дейді?"-деп сұрайды ғой? Сонда Әлжекең: "Мұхтар Әуезовтің аузынан Сталин түспейді! Совет өкіметін жанындай жақсы көреді!"-деген жалған мәліметтер беріп отырған!

Әлжекең болмаса, оның 37-інің ойранынан аман қалуы неғайбыл еді! "Сыйға – сый, сыраға – бал"-дейді қазақ. Мұхаң да Әлжекеңмен бірге "Намыс гвардиясын" жазып, сенің көкеңді қазақ әдебиетінің классигі жасады..."

Серік Ақсұңқардың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543