Сенбі, 23 Қараша 2024
2865 8 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 10:35

Қазақстанда "Союз" апатынан 22 тонна жанармай жерге төгілген

"Союз" зымыран тасығышының Қазақстанға құлауы салдарынан 22 тонна жанармай жерге төгілген, деп хабарлады елдің қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин.

"Жанармайдың дені 47 шақырым биіктікте жанып кетті. 22 тонна керосин мен оттегі жерге төгілді. Керосин құрамы белгіленген мөлшерден аспайды, өйткені ол қауіпті емес. Зерттеуді толық өткізіп, қажет болса, тиісті талаптар қоямыз", - деп мәлімдеді Нұрғожин 16 қазанда.

11 қазанда таңертең бортында екі ғарышкері бар "Союз МС-10" зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру кезінде апат болды, экипаж жерге аман оралды.

Алдын ала нұсқа бойынша, апат ұшу сәтінен соң үшінші минутта тіркелді. Екінші блок ажырау кезінде двигатель істемей қалған, сол себепті зымыранның барлық бөлігі ажырап, жерге құлады. Ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Ник Хейг блокты қолдан басқару арқылы парашют көмегімен жерге түсті. Олар зардап шекпеді.

Апаттан соң Ресей жоспарлаған ұшырылымдарының барлығын тоқтатып қойды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534