Сенбі, 23 Қараша 2024
2975 6 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 10:50

Ұлттық банк: Ресейге қарсы санкциялардан теңге әлсіреді

Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторлардың әсерінен. 16 қазанда Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.

«Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторлардың әсерінен болды. Біріншіден, дамушы елдерде АҚШ доллары нығайып жатыр. Екіншіден, Ресейге қарсы тағы да санкцияны қатайту жөнінде мәлімдемелерден кейін. Осыдан кейін Ресей рублі жыл басынан бері 15 пайызға құлдырады. Ұлттық банк шектеу қоймайтын, еркін айырбас бағамы саясатын ұстануды жалғастырып келеді", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері айырбас нарығында теңге 11,3 пайызға төмендеді.

16 қазан күнгі теңгенің ресми бағамы 1 АҚШ доллар үшін 369,98 теңгені құрайды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532