Сенбі, 23 Қараша 2024
2959 7 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 14:52

Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды

Қазақстанның ипотекалық компаниясы (ҚИК) несиелеудің жаңа түрін таныстырды, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Орда» ипотекасын қазақстандықтар осы айдың соңынан бастап рәсімдей алады. Жаңа бағдарламаның арқасында баспанасыздар жаңа немесе қолданыстағы үйлерге қол жеткізеді. Сонымен қатар, үміткерлердің басында баспана бар-жоғы маңызды емес. Несие ҚИК әріптестері болып саналатын ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) арқылы беріледі», - деді компаниядан.

Егер үміткерлер төлем қабілетін дәлелдей алса, ипотекалық қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме - 12% болмақ. Ал егер толық дәлелдей алмаса, 14%-бен беріледі.

«Орда» арқылы ең көп дегенде 40 млн теңгеге дейінгі сомаға баспана алуға болады. Қарыз 20 жылға беріледі. Бұл ипотека Қазақстанның 16 қаласында жүргізіледі. Бірақ, клиенттің жасы 21-ден асып, несие мерзімі аяқталғанша зейнет жасына жетпеуі тиіс», - деді ҚИК-тан.

«Орда» ипотекасы бойынша қарыз алу үшін клиент үй құнының 30%-ын алдын ала төлеп, төлем қабілетін толық растауы қажет. Ал төлем қабілетін растай алмаса, үй құнының 50 %-ын алдын ала салуы керек.

Сонымен қатар, алғашқы салым болмаған жағдайда клиент өзінің басындағы жылжымайтын мүлкін кепілге қойса болады.

«Біздің ипотека көптеген қазақстандықтардың баспана жағдайын түзетуге мүмкіндік береді. Борышкерлер өздеріне ыңғайлы параметрлер арқылы қолайлы айлық төлем белгілей алады», - деді ҚИК басшысы Әділ Мұхамеджанов.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534