Сенбі, 23 Қараша 2024
3626 18 пікір 20 Қазан, 2018 сағат 10:03

Елбасы Еуропалық комиссия төрағасын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына шақырды

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті кездесу барысында саммиттің дәстүрге сай жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Еуропалық комиссия төрағасын биылғы желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысуға шақырды.

Жан-Клод Юнкер «Азия-Еуропа» форумының XII саммитіне Қазақстан делегациясының және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзінің қатысуының маңыздылығын атап өтті.

– 2008 жылғы Қазақстанға жасаған сапарым және әлемдегі тұрақтылық туралы әңгімеміз менің есімде. Біздің жиі кездесіп тұрғанымыз жөн, – деді Еуропалық комиссия төрағасы.

Тараптар халықаралық саясаттың күн тәртібін, соның ішінде жаһандық қауіпсіздік проблемаларын қарастырып, Еуразия экономикалық одағының Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті саммит барысында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцянмен, Ресей Федерациясының және Италия Республикасының премьер-министрлері Дмитрий Медведевпен және Джузеппе Контемен кездесті.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485