Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
5005 4 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 16:36

«Өз жеріңді танып біл» жобасы іске қосылады

Бүгін Ақордада Қоғамдық алқа-қотан жиын өтті. ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысына ҚР ПӘ жетекшісі Әсет Өрентайұлы төрағалық жасады. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 

Әсет Өрентайұлы Ұлттық комиссияның отырысын ашып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру аясында дәл осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы ерекше екенін айтты.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың маңыздылығына тоқтала келіп:

-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, таяу уақытта жаңа «Ауыл – ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жобалары іске қосылатын болады, олар ауылдық аумақтардың дамуына қосымша серпін бермек, - деді.

Сондай-ақ, комиссия отырысына арнайы қатысқан О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Евниев, Д.Калетаев, А.Мұхамедиұлы және Р.Кенжеханұлы да сөз сөйледі. Бейнебайланыс режимінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері де сөзталқыға араласты. Өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның төрағасы Үкіметке 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жоспар әзірлеуді, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа «Ауыл – ел бесігің» әлеуметтік жобасын іске қосуды тапсырды.

Өңір басшыларына жергілікті жерлерде Бағдарламаның тапсырмаларын барлық басымдық бағыттары бойынша нақты мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге көңіл бөле отырып іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі ілгерілемелі мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Комиссия құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңірлердің, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар өкілдері кіреді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992