Сенбі, 23 Қараша 2024
Біздің шенеунік 8999 8 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 12:04

100 мың еуроның буы Маңғыстау әкімі Тоғжановты жалғыз қалдырды

Соңғы күндері Маңғыстау облыстының әкімдігінде жалғыз облыс әкімі Ералы Тоғжанов қана қалғандай жағдай туып отыр.

Ақтау халықаралық әуежайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарын құрықтаған.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев өзімен бірге 100 мың еуродан астам қаржыны алып бара жатқан екен. Қазіргі уақытта  Серік Аманғалиев Ақтау ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің тағы бір орынбасары М.Скаковтың науқастанып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ералы Тоғжановтың тағы бір орынбасары Р. Сакеев еңбек демалысына шығып кеткен. Ал, облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарған тағы бір Б. Жусупов атты азамат жұмыстан шығып кеткен.

Қазір Маңғыстау облысындағы аппарат, Ішкі саясат басқармасы, Білім беру басқармасы, Қаржы басқармасы жетекшісінің орны бос қалған.

Осылай 100 мың еуроның буы талай мемқызметкерді тентіретіп жіберсе керек. Елбасының сенімді серігі саналатын, көп жыл Ассамблеяның тізгінін ұстаған, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың ендігі жағдайы қалай болар екен?

Ендігі қойылар сауал осы...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354