Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
4434 0 пікір 12 Қараша, 2018 сағат 11:37

Қазақстан азаматтары Түркияда 90 күн визасыз жүре алады

Қазақстан азаматтары Түркия Республикасы аумағында 90 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды Абай-ақпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің президенттік аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды. Оған сәйкес, Түркияға саяхаттаушы Қазақстан азаматтарының Түрік жерінде визасыз  жүру мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ бұл тізімге екі көршілес еліміз қосылды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан.

Айта кеткен жөн, бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2910
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 918