Жексенбі, 24 Қараша 2024
3027 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 10:53

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

 Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2010–2014 жылдары — Дүниежүзілік банк жобасы «Технологияларды коммерцияландыру» жобаны басқару тобының директоры.

2014–2017 жылдары — ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Синергия» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-де директор қызметін атқарған.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550