Ол Ресейде бензин бағасының қымбат болуынан тапшылық орын алып жатқанын айтты.
«Ресеймен шекаралас аймақта жанармай бағасы күрт өсіп кетті. Егер үш миллион халқы бар Түркістан облысымен және 700- 800 мың халық тұратын Қостанай облысымен немесе Батыс Қазақстан облысымен салыстыратын болсақ, соңғы екі облыста бензинге деген сұраныс көп. Бұл жанармайдың әрі қарай Ресей асып жатқанын білдіреді», - деді Бозымбаев. Ол сондықтан шекараны қатаң бақылауға алу керек деген пікірін жеткізді.
Энергетика министрінің бұл ұсынысы бүгін өтетін үкімет отырысында талқыланбақ.
Abai.kz