Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде апат салдарын зерттеуге байланысты құрылған комиссия төрағасы Юрий Ильин мәлімдеді.
«Зымыран-тасымалдаушы құлағаннан уландыратын зат анықталмаған. Ал ауада жанған керосиннен бүгінгі күні ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деді Юрий Ильин.
Оның сөзінше, Ресей тарабы апаттың себебін түсіндірген.
«Қазақстан тарабы болса, зымыранның құлауынан келген шығынды есептеп, Мәскеуге жіберді», – деді Ильин.
11 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдаушы ұшар сәтте, апат орын алды. Халықаралық ғарыш станциясындағы космонавтар отырған кемеге жету керек болған зымыран-тасымалдаушының тетіктері дұрыс жұмыс істемей қалған. Роскосмос космонавты Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг капсуламен Қазақстан аумағына сәтті қонған.
Abai.kz