Жұма, 3 Қазан 2025
Талқы 4001 22 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:12

Сүлейменов: Қазақстанда орташа жалақы 158 мың теңге

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа жалақы көлемі қанша екенін айтты.

Сөйтіп, министр Сүлейменовтің дерегінше, жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеген.

«Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жалақының өсуі және инфляциялық процесстердің бәсеңдеуі аясында нақты ақшалай табыс биылғы қаңтар-тамызда 3,5%-ке өсті», - дедіТимур Сүлейменов.

Дегенмен, халықтың табысы бойынша өңірлерде түрлі көрсеткіштер байқалған.

«Биылғы қаңтар-маусым айларында 17 өңірдің 13-інде нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде нақты табыстар азайған. Олар - Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%)», - деді Т. Сүлейменов.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 514
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8527
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 520